Түрікменстан президенті мен Қырғызстан президенті Түркияда

Түрікмен басшы президент Гүлге «Мақтымқұлы Пырағы» орденін тақты.

82329
Түрікменстан президенті мен Қырғызстан президенті Түркияда

Түрікменстан президенті мен Қырғызстан президенті Түркияда.
Түркі кеңесінің 4-ші отырысына қатысу мақсатымен Түркияға келген Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Абдуллах Гүл тарапынан Чанкая сарайында қарсы алынды.
Артынан оңаша және делегация аралық кездесулер өткізілді.
Гүл ортақ баспасөз мәслихатында Түрікменстанмен қатынастардың керемет деңгейде екенін атап көрсетіп, «Байланыстарымызды барлық салада жетілдіру бағытында күш жұмсаудамыз. Түрікменстанмен керемет қатынасымыздың ең маңыздылары экономикалық және сауда саласында жүзеге асуда» деді.
Бердімұхамедов та сапарының өз межесіне жеткенін айтты.
Түрікмен басшы артынан премьер-министр Ердоғанмен кездесу үшін Премьер-министрлік ғимаратына барды.
Бердімұхамедов Мәжіліс төрағасы Жемил Чичекпен де кездесті.
Президент Гүл түрікмен басшының құрметіне Чанкая сарайында кешкі қонағасы берді. Гүл қонағасыда екі ел арасындағы қатынастарда соңғы жеті жылды бағаландырып, «Бір қарағанда, Түркия-Түрікменстан қатынастарында «алтын дәуір» өтіп жатыр. Мақсатымыз – осы бағытты сақтап, ықпалдастықты жаңа өреге жеткізу» деді.
Бердімұхамедов та сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына және баюына үлкен үлес қосатынына сенетінін білдірді. Түрікмен басшы президент Гүлге «Мақтымқұлы Пырағы» орденін тақты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев те кеше Чанкая сарайында болды. Атамбаев алдымен президент Гүл тарапынан қарсы алынды және екі басшы оңаша кездесу өткізді.
Атамбаев артынан премьер-министрлікке барып, Премьер-министр Ердоғанмен бас қосты.
Екі басшы оңаша кездесуден кейін Түркия-Қырғызстан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің жиналысына қатысты.
Жиналыстан кейін Атамбаев пен Ердоған ынтымақтастық хаттамасына қол қойды және екі басшы баспасөздің сұрақтарына жауап берді.
Премьер-министр Ердоған Қырғызстанның өзгеріс және бетбұрыста екенін айтып, осы үдерісте саяси, әскери, экономикалық, сауда, мәдени және білім саласындағы қатынастардың артқанын білдірді.
Ердоған Қырғызстанның сыртқы сауда айналымының 426 миллион доллар екенін білдіріп, «Біздің нысанамыз 2015 жылдың аяғына дейін мұны бір миллиард долларға жеткізу» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар