Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы бас

Мугланың Бодрум қаласындағы «Туризм ынтымақтастығы» тақырыбындағы отырысқа бауырлас бес елдің басшылары қатысуда.

83063
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы бас

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы Түркияда басталды.
Мугланың Бодрум қаласындағы «Туризм ынтымақтастығы» тақырыбындағы отырысқа бауырлас бес елдің басшылары қатысуда.
Бодрумға бірінші боп кезекті төраға Әзірбайжанның президенті Илхам Алиев келді. Алиевтен кейін түрік басшы Абдуллах Гүл де ауданға келіп жетті.
«Туризм ынтымақтастығы» деген тақырыппен өтетін саммиттің бірінші бөлімінде Сыртқы істер министрлері жиналысы болады. Екінші күні болса мемлекет басшылары бас қосады.
Жиналыста Түркия президенті Абдуллах Гүл, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов сөз сөйлейді.
Туризм ынтымақтастығы тақырыбындағы министрліктер деңгейінде басылған қадамдардың қорытындысы Мемлекет басшылары отырысында қаралады.
Түрік кеңесі бас хатшылығы 5 маусым күні баспасөз мәслихатын өткізеді.
Саммит аясында түрлі әлеуметтік және мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар