Кипрда келіссөздер жалғасуда

Кудрет Өзерсай келіссөздер туралы пікірін білдірді

83254
Кипрда келіссөздер жалғасуда

Кеше тарапсыз жерде бас қосқан келіссөз делегациясының жиыны 5 сағатқа созылды.
Түрік жағының өкілі Кудрет Өзерсай дүйсенбі күні болған лидерлердің арасындағы келіссөздерде шешілмеген мәселелердің бар екенін білдірді және бұл жиында ең алдымен со мәселелердің қаралатынын айтты.
Жиында меншік мәселесі бойынша екі жақтың осы саладағы мамандарының келесі аптада тағы бас қосуы туралы келісімге келді.
Федерациялық заң шығару мен федерациялық атқару мәселелері бойынша екі жақтың да ой пікірлері тыңдалды.
Өзерсай келіссөздерде нәтиже алу үшін бір жол картасы белгілеу керектігін қарсы жаққа нақты түрде түсіндірді.
Оңтүстік Кипр тарапының келіссөздер басталғаннан бері жақындасуды қаламайтын іс әрекет жасап отырғанын тілге тиек еткен Өзерсай қарсы жаққа тағы да ескерту жасағанын білдірді.
Өзерсай келіссөздер нәтижелі болу үшін нақты бір саяси көзқарас ұстану керектігін еске сала отырып, Оңтүстік Кипр тарапының мұны көрсете алмай отырғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар