Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аяқталды

Қабылдан шешімдер Бас хатшы Халил Акынджы тарапынан жарияланды

83771
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аяқталды

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы «Туризм ынтымақтастығы» тақырыбында Бодрумда жүзеге асты.
Муғла қаласына қарасты Бодрум ауданында жүзеге асқан саммиттің тақырыбы биыл «Туризм ынтымақтастығы» болатын.
Саммитке Түркия президенті Абдуллах Гүл, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, қатысты.
Ашылу мерәсімін жасаған президент Гүл түркітілдес мемлекеттердің арасындағы әлеуметтік және мәдени ықпалдастықты арттыруды нысанаға алғандарын атап көрсетті.
Гүл ортақ тіл, мәдениет, сенім, тарих және құндылықтарды бөліскен бауырлас түркітілдес мемлекеттермен қарым-қатынастардың дамытылуына үлкен мән бергендерін атап көрсетті.
Ашылу мерәсімінің артынан Әзірбайжан президенті Илхам Алиев кезекті төрағалық міндетін Түркияға өткізді.
Саммитте қабылданған шешімдерді Түрік Кеңесі Бас хатшысы Халил Акынджы Мемлекет басшыларының түрік диаспорасы құру тақырыбында келісімге келгенін, осы бағытта Еуропа мен АҚШ-та түрік диаспорасы орталықтары ашылатынын айтты.
Тарихи Жібек жолының жандандырылуы нысанасы бағытында да ортақ туризм пакеті дайындалуына шешім қабылданды.
Басшылар ортақ телеарнаның құрылуы және инвестиция қорын жасау үшін тапсырма берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар