«Әзірбайжан-Түркия бауырластығы мәңгілік»

119 жылдық Ширванлы мешітіне Әзірбайжан мен Түркия ортақ реставрация жасады.

110236
«Әзірбайжан-Түркия бауырластығы мәңгілік»

Премьер-министрдің орынбасары Емруллах Ишлер Әзірбайжан-Түркия бауырластығының мәңгі жалғасатынын айтты.
Емруллах Ишлер Амасияда Әзірбайжан мен Түркия тарапынан реставрациясы аяқталған 119 жылдық Ширванлы мешітінің беташарында сөз сөйледі.
«Біз Әзірбайжанның қиын күндерінде де, жақсы күндерінде де қасында болдық. Бұдан былай да бұл осылай бола бермек. Олардың қайғысы біздің қайғымыз, бақыты біздің бақытымыз» деді Емруллах Ишлер.
Емруллах Ишлер «Әзірбайжан түркі мен түріктердің бауырластығы мәңгі жалғасады деп ойлаймын. Сол себепті Мир Хамза Нигар-и әзіреттері Қарабақтан. Бүгін Қарабақ армян жаулауы астында, қайғымызды білдіргім келеді. Құдай қаласа, осы территориясына қайта қосылған күнді көруді армандаймын» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар