СКТР-да өткен референдумда халық атазаңы өзгерісіне қарсы шықты

Референдумда атазаңы өзгерісі қабылданбады

111508
СКТР-да өткен референдумда халық атазаңы өзгерісіне қарсы шықты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында дауыс берген сайлаушылар Атазаңына өзгеріс енгізілуін қабылдамады.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасында жергілікті сайлау мен Атазаңы өзгерісі референдумі өткізілді.
Сайлауда барлығы 681 сандықта дауыс қолданды.
Референдумда санаққа алынған 426 сандықта сайлаушылардың 37,64 пайызы Атазаң өзгерісін жақтаса, 62,36 пайыз «қарсы» дауыс берді.
Мәжілісте өкілдік жасаған 4 партияның қолдауымен жасалған атазаңы өзгерісінің халық тарапынан қабылданбауы таңқалдырды.
Премьер-министр Өзкан Йорганджыоғлу Атазаңы өзгерісін халыққа жеткілікті деңгейде түсіндіре алмағандарын және «қабылдау» дауысы берген кейбір депутаттардың кейін сайлаушыларды «қарсы» дауыс беруге бағыттағандарын мәлімдеді.
28 қала әкімшілігі үшін өткен сайлауда болса сандықтар толық ашылды және жаңа қала әкімдері анықталды.
Биліктегі Республикашыл Түрік партиясы Астана Лефкошеден бастап Газимағуса және Гирне сияқты маңызды қалалардан айырылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар