Қытайда ауыз бекіту шектелді

Шинжиаң Ұйғыр автономиялық аймағында мемлекет қызметкері, мұғалім және оқушылардың ауыз бекітуі шектелді.

115970
Қытайда ауыз бекіту шектелді

Бейжиңнен мұсылмандарға ораза шектемесі келді.
Қытайдың солтүстік батысындағы Шинжиаң Ұйғыр автономиялық аймағында мемлекет қызметкері, мұғалім және оқушылардың ауыз бекітуі шектелді.
Қытай үкіметіне қарасты ұйымдардың интернет парақшаларында шыққан хабарларда Рамазан айында ауыз бекітудің шектелгеніне байланысты бұйрықтарға орын берілді.
Қытай үкіметінің мұсылмандардың ораза ұстауын жырлар бойы шектегені білдірілді.
Шинжиаң Ұйғыр автономиялық аймағының Тұрпан қалалық сауда бюросының интернет парақшасында аптаның басында жарияланған мәлімдеме арқылы «Мемлекет қызметкері мен мұғалімдердің ауыз бекітуі шектелгені және басқа діни іс-шараларға қатыспайтыны» ескертуі жасалды.
Аймақтағы ресми радио Божоудың интернет парақшасында жарияланған ескертуде «Партия мүшелері, мұғалімдер мен жастар Рамазан іс-шараларына қатыспайды» делінді.
Гонгконгтегі South China Morning газеті осындай ескертулердің көптеген ресми ұйымдар тарапынан жарияланғанын хабарлады.
Газет жергілікті хабар көздерін негіз етіп, лауазымдылардың күн бойы ақысыз ас таратқанын білдірді.
Бейжиң бұрын да аталмыш шектемелердің қызметкерлердің денсаулығын қорғау мақсатымен жасалғанын білдірген болатын.
Әлем Ұйғыр кеңесінен жасалған мәлімдемеде әкімшіліктің ұйғырларды ақысыз ас ішуге шабыттандырғанын және үйлерге кіріп ауыз бекітіп-бекітпегендері бақыланғаны пайымдалды.
Кеңес Қытай әкімшілігін ұйғырлардың діни еркіндігін кепілдікке алуға және саяси қысымдарды тоқтатуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар