Кипр келіссөздері жалғасып жатыр

Екі жақтың делегациясы бүгін тағы бас қосты

117637
Кипр келіссөздері жалғасып жатыр

Кипрда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін келіссөздер жүріп жатыр.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Эроғлу мен Оңтүстік Кипр лидері Никос Анастасиадис бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауындағы тарапсыз аймақта бас қосты.
Сағат 11:40-та басталған кездесуге СКТР тарапынан Кудрет Өзерсай және Оңтүстік Кипр тарапынан Андреас Маврояннис бастаған делегация да қатысты.
Кездесуде келіссөздердің бұдан кейінгі кезеңдерінің күн тәртібі талқыланатын болады.
Билік пен күшті бөлісу, азаматтық, Еуроодақ, құрылатын комитеттер сияқты мәселелерде осы күнге дейін ауызбіршілікке қол жеткізіле алмаған еді.
11 ақпанда қайтадан басталған келіссөздер бес айдан бері жалғасып келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар