Сребреница трагедиясы ұмытылмайды

Еске алу мерәсімдері үшін әзірліктер жасалуда

117415
Сребреница трагедиясы ұмытылмайды

Еуропаның тап ортасында болған Сребреница қырғынының қайғы-қасіреті 19 жыл өткеніне қарамастан басылатын емес.
Босния-Герцоговинияда қырғын болған күн қарсаңында еске алу мерәсімдері үшін дайындықтар жүріп жатыр.
8000-нан астам ер адам қырғынға ұшыратылған оқиғаға байланысты биыл өткізілетін еске алу мерәсімінде сүйектері табылған және кім екені анықталған 175 адам жерленетін болады.
11 шілдеде Сребреницадағы шәйіттер қорымына жерленетін 175 адамның табыттары Сараево қаласы маңайында Високо қаласында әзір тұр.
Қырғынды еске алу мерәсімдері аясында 11 шілде 1995-жылы құрбандар жүріп өткен орман жолымен 3 күн жаяу шеру жасалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар