Ирак түрікмендері 'ИЛИМ' экстремисттік ұйымын мойындамады

Экстремистік ұйым мүшелері мен түрікмендер қиян-кескі қақтығысуда

119380
Ирак түрікмендері 'ИЛИМ' экстремисттік ұйымын мойындамады

Ирак-Левант Ислам мемлекеті (ИЛИМ) және халифат жариялануының артынан өзіне бой ұсынуға қарсы шыққан телаферлік сүннит түрікмен рулар арасында қақтығыстар шыққаны білдірілді.
Түрікмен ру басшысы Хайдар Али Чолак Телафердегі «Али Башар Халай Бек эл-Аббасийин» атындағы ең үлкен сүннит түрікмен руының алдынғы қатарларының ИЛИМ ұйымына бой ұсынуға қарсы шығуымен басталған қақтығыста әр екі тарапта да қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені атап көрсетілді.
Чолак қақтығыстар себепті ондаған түрікмен жанұяның үйлерін тастап аймақтан қашқанын және бос үйлердің талан-таражға ұшырағанын мәлімдеді.
Аталмыш қақтығыстардағы қаза тапқандар мен жаралы санына қатысты әлі нақты бір мағлұмат жоқ. Мосулдың батысындағы Телафер қаласы көпшілігі түрікмендерден тұратын стратегиялық бір аймақта орын алады.
Басқа жағынан Самаррадағы бір үкімет лауазымдысы Ирак армиясына қарасты күштер Салахаддин уәлаятының орталығы Тикрит қаласының 7 шақырым маңындағы Увейнат және әл-Ауже аймағының бақылауын қолға түсірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар