Қырым татарларының басшыларына бағытталған қысымдар артты

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі төрағасы Рефат Чубаровқа отанына кіруге 5 жыл тыйым

119174
Қырым татарларының басшыларына бағытталған қысымдар артты

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі төрағасы Рефат Чубаровтың «радикалдық» сылтауымен 5 жыл бойынша Қырымға кіруіне тыйым салынды.
Рефат Чубаров Украинаның Херсон қаласында өткен Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі жиналысынан оралған кезде шекарада тоқтатылып, паспорты қолынан алынды.
Қырым прокуроры Наталья Поклонская шекара бекетінде тоқтатылған Чубаровты радикал іс-шаралармен айыптаған 2,5 беттен тұратын ескертуді оқыды.
Чубаровтың ескертуді Қырымның ресми тілдерінің бірі ретінде Қырым Татар тілінде оқылуы сұранысы жауапсыз қалдырылды.
Чубаров кіріс тыйымының оқылуының артынан Украинаға оралды.
Қырым Татар Мәжілісі басшысы Мұстафа Абдулжемил Қырымоғлу болса сәуір айының аяғында Қырымнан шыққан 3 мамыр күні қайта оралғысы келген кезде орыс қауіпсіздік күштері тарапынан кіруіне рұқсат етілмеген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар