Ұйғырлар 2009 жылғы оқиғаларды еске алуда

Әлемнің жан-жағында еске алу және адам құқықтары іс-шаралары ұйымдастырылуда

119032
Ұйғырлар 2009 жылғы оқиғаларды еске алуда

5 шілде Қытайдың солтүстік батысындағы Ұйғыр автономиялық аймағында 2009 жылы жасалған қанды оқиғалардың жылдығы.
Ұйғырлар мен қауіпсіздік күштері және Хан қытайлықтармен шыққан қақтығыста ресми мағлұматтарға қарағанда 184 адам қаза тапты, 1680 адам жараланды.
Әлем ұйғыр конгресі болса қаза тапқан ұйғырлар санының мыңға жуық екенін алға тартқан еді.
Оқиғалар 2009 жылы 26 маусым күні Гуандонг уәлаятындағы бір фабрикада шыққан оқиғаларда 2 ұйғыр түркінің өлтірілуімен басталды.
5-ші шілде күні Ұйғыр автономиялық аймақтың астанасы Үрімшіде наразылық шерулері кезінде Қытай қауіпсіздік күштерінің қатаң қарсылық беруімен оқиғалар басталды.
Қақтығысқа айналған оқиғалар екінші үлкен қала Қашқарға да тарады, бірнеше күнге жалғасқан қақтығыстар толастамады.
Оқиғалардың артынан 1 мың 400-ден астам адамның тергеуге алынғаны мәлімденді.
Аймақтық үкімет оқиғаларға Әлем Ұйғыр конгресі жауапты деп мәлімдесе, Конгресс оқиғалардың тарауында Қытайдың 1949 жылдан бері ұйғырларға жасаған жәбірлеу мен ассимиляция саясатының әсері бар екенін алға тартты.
Әлемнің жан-жағында ұйғыр түріктері 5-ші шілде оқиғаларында қаза тапқандарды еске алу және адам құқықтары мәселесіне назар аудару үшін іс-шаралар ұйымдастыруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар