Бакир Иззетбегович қайтадан үміткер

Иззетбегович президент сайлауында ДҚП-дан үміткер

120626
Бакир Иззетбегович қайтадан үміткер

Босния-Герцоговинияда қазан айында болатын президент сайлауында Демократиялық қозғалыс партиясының үміткері Бакир Иззетбегович.
Демократиялық Қозғалыс партиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда партия басшылығының жиналысында аталмыш партияның бас хатшысының орынбасары Иззетбеговичтің қазан айында өтетін сайлауда Үштік мемлекет консилиумының Босниялық мүшесі болу үшін үміткер ретінде таңдалғаны білдірілді.
Мәлімдемеде сондай-ақ елдегі екі құрамдас мемлекеттің  бірі болып табылатын Босния-Серб республикасы президенті үшін Рамиз Салкичтің үміткер ретінде көрсетілгені жазылған.
Босния-Герцоговиния конституциясы бойынша Босниялық, Серб және Хорваттан тұратын үш мүшеден құралған Босния-Герцоговиния үштік мемлекет консилиумының Босниялық және Хорват мүшелері Босния-Герцоговиния федерациясынан, Серб мүшесі болса Босния Серб республикасынан сайланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар