Ирак түрікмендері ауыр жағдайда

Шатыр қалашықтарға келіп жатқан жәрдем жеткіліксіз

120161
Ирак түрікмендері ауыр жағдайда

Иракта соғыс басталуына орай үйлерін тастап, босып кеткен миллиондаған адам шатыр қалашықтарда тұрып жатыр. Соңғы кезде Телафер мен Тикриттен қашқан түрікмендердің көпшілігі осы шатыр қалашықтарды паналады.
Ирактағы ТРТ арнасының шығармашылық тобы Хазеер шатыр қалашығын зиярат етіп бұл адам төзгісіз трагедияға куә болды.

Ирактың солтүстігінде, Мосул мен Эрбил арасында құрылған Хазеер шатыр қалашығында 3000-ға жуық адам тұрып жатыр. 2 күн бұрын түрікмен, күрт және араб саны тепе-тең еді, енді соңғы күндерде 500-ге жуық түрікмен тағы келді.
Аймақтық күрт үкіметі де Эрбилде әлеуметтік дағдарысқа себеп болады деген себеп көрсетіп өтуге рұқсат бермей отыр.

Босқындар болса ИЛИМ сепаратистері басып алған жерлер мен солтүстіктегі шекара желісі арасында ауыр шарттарда тұрып жатыр.
Хаазер шатыр қалашығының басқа қалашықтардан айырмашылығы түрікмендердің санының көп болуы. Асығыс-үсігіс қашқандықтан үйлерінен де ештеңе ала алмаған. Азық-түлік жетіспеушілігі салдарынан жұқпалы аурулар туу қаупі бар.
Шатыр қалашықтарға келіп жатқан гуманитарлық жәрдем жеткіліксіз. Әсіресе шекара қақпасы жабылатын болса жағдай одан әрі қиындайтын сияқты.
Ирак түрікмендері комитетінің көсемі Салихи де Керкүкте өткізілген баспасөз жиналысында осы жағдайға назар аударды.
Салихи түрікмендердің жаман-жәутік шатырларда, жол бойында тұрып жатқандарын, 10 баланың да қайтыс болғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар