Илхам Алиев елшілермен бас қосты

Алиев: «Әскери операциялар болуы да мүмкін»

121793
Илхам Алиев елшілермен бас қосты

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев армяндар басып алған Таулы Қарабақ және басқа аймақтарды бейбіт жолмен кері қайтарып алу үшін күш-жігер салғандарын, бірақ әскери операциялар болуы мүмкін екенін де білдірді.
Илхам Алиев кеше Бакуде өткен Әзірбайжанның шетелдегі өкілетті елшілерінің жиналысында сөйлеген сөзінде Әзірбайжанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері, табыстары және Таулы Қарабақ мәселесіне тоқталып кетті.
Сыртқы саясатта ең басты мәселенің Армения-Әзірбайжан қақтығысы мен Таулы Қарабақ мәселесі екеніне назар аударған президент әлі күнге дейін бұл мәселенің шешуін таппағанын айтты.
Әзірбайжанның мәселені бейбіт жолмен шешуді қалайтынын білдірген Алиев «Бірақ Арменияның мәселені шешуге жанаспауы, халықаралық құқықтың әлсіздігіне тоқтала келіп, соғыс ықтималы да болуы мүмкін. Осыған байланысты армияны күшейтіп жатырмыз»-деді.
Елшілерге өздері қызмет атқарып жатқан елдерде ең алдымен Таулы Қарабақ мәселесін түсіндіруін талап еткен Алиев «Әзірбайжан жерінде екінші армян мемлекеті құрылуына ешуақытта мүмкіндік бермейміз»-деді.
Илхам Алиев Армениядан басқа барлық көрші елдермен қарым-қатынастарының жақсы екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар