Өлім жолында Бейбітшілік шеруі

5000 адам Незукта бас қосты

122346
Өлім жолында Бейбітшілік шеруі

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең үлкен қырғын болып есептелетін Сребреница қырғынынан қашқан Босниялықтар қолданған және «өлім жолы» деп аталып кеткен орман ішіндегі жолда әлемнің бұрыш-бұрышынан келген мыңдаған адам қатысып жатқан және үш күнге созылатын шеру басталды. Шеру «Бейбітшілік шеруі» (Марш Мира) деп аталады
Босния-Герцоговиниямен қатар Еуропа мен Араб елдерінен осы шеруге қатысу үшін келген 5000 адам Незукта бас қосты.
Таңертеңгісін ертемен Незук қалашығында жиналған топ шеруге бастады.
Биыл оныншы рет өткізіліп отырған «Бейбітшілік шеруі» 11 шілдеде мәйіттері табылған 175 геноцид құрбаны жерленетін Поточаридегі жаназа мерәсімінен кейін аяқталады.
Шеруге Түркияның Сараеводағы өкілетті елшісі Жихад Эргинай бастаған көптеген түрік азаматы да қатысуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар