Өздил Нами Стефан Фулемен кездесті

Кипрлік министр аралдың бейбітшілігі үшін ортақ әрекеттің маңыздылығына тоқталды.

123378
Өздил Нами Стефан Фулемен кездесті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Өздил Нами Брюссельде Еуропа комиссиясының кеңеюге жауапты мүшесі Стефан Фулемен кездесті.
Өздил Нами кездесуден кейін жариялаған мәлімдемесінде Понти әкімшілігінің кипрлік түріктерге бағытталған бастамалардың азайтылуы үшін Еуропа комиссиясына қысым жасағанына назар аударды.
Понти тарапын аталмыш қырсықты саясатынан бас тартуға шақырған Өздил Нами «Мұны заманға сәйкеспейтін әрекет деп ойлаймын. Көлемді шешім нысанасына пайдасы тимейтін бір қимыл. Бұдан құтылғаны жөн» деді.
Аралдың солтүстігі Еуропа Одағына қаншалық жақындаса, көлемді шешімнің соншалық жеңілдейтінін дәріптеген Өздил Нами «Понти тарапы Еуропа Одағы мен біздің жақындасуымызды тосса, келіссөз үстелінде қолдарына мүмкіндік тиетіндей көзқарас ішінде. Ал, жағдай мұның керісінше. Бұл үшін Еуропа комиссиясын қамтыған одаққа мүше елдердің де жауапкерліктері бар» деген бағаландыру жасады.
Өздил Нами «Понтилар аталмыш қырсықты саясаттарын қайта бақылауы, тың және болашаққа бағытталған саясаттар атқарғаны жөн» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар