Кипр келіссөздері жалғасуда

СКТР президенті Дервиш Эроғлу өз пікірін білдірді

133650
Кипр келіссөздері жалғасуда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Дервиш Эроғлу Кирдағы түрік халқының мүддесін қорғайтын келісім шарттар жасауға күш жігер салып жатқандарын айтты.
Осы күнге дейін келіссөздерде жақсы ниет көрсетіп келгенін білдірген Эроғлу, соған қарамастан нақты келісімге келе алмай отырғандарын айтты.
Президент Дервиш Эроғлу соңғы кездерде атқарылған жұмыстар нәтижесінде Кипр мәселесінің шешілетіне сенетінін білдірді.
Кипрдағы түріктердің тыныш, қауіпсіз өмір сүруі үшін келісім шарттың маңызды екеніне назар аударған Эроғлу «Санкциялардан бізді құтқармаса келісім шарттың маңызы болмас. 1974-жылдан бері 40 жыл ішінде қалыптасқан проблемаларды шешетін келісім шарт үшін күш-жігер салып жатырмыз»-деді.
Лидерлердің 24 шілдеде және тамыз айында тағы да бас қосатынын еске салған Эроғлу екі жақтың да келіссөздердің жалғасуын қалап отырғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар