СКТР 40 жылдығын тойлады

ТҰҰМ төрағасы Жемил Чичек үндеу жариялады.

65634
СКТР 40 жылдығын тойлады

СКТР-ның 40 жылдығы тойланды
ТҰҰМ төрағасы Жемил Чичек үндеу жариялады.
Кипр Бейбітшілік қозғалысының 40 жылдығы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кеше салтанатпен тойланды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичек осы ерекше күнге орай үндеу жариялады.
Мәжіліс төрағасы Чичек үндеуінде түбегейлі бейбітшіліктің ең басты тілектері екенін білдірді.
Кипр аралында екі халық пен екі мемлекет бар екеніне меңзеген Чичек арадағы келіспеушіліктің шешілуі және түбегейлі бейбітшіліктің орануы үшін жүргізілген кезедсулердің болымды бір нәтижеге жетуі ең басты тілектері екені білдірілді.
Жемил Чичек аталмыш тақырыпта көрсетілген талпыныстарды бүгінге дейін болғанындай, бұдан былай да қолдай беретіндерін атап өтті.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының елбасы Дервиш Ероғлұна құттықтау хатын жолдады.
Премьер-министр Ердоған «Бейбітшілік процесінің қысқа уақытта нәтижеге жетіп, референдумның өткізілуімен әділ және түбегейлі шешімге қол жетуін күтудеміз» деді.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының барлық салада дамып, кемелденуі үшін қолдаудың жалғасатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар