Қызылай мерекені түрікмендермен бірге өткізеді

Түрік Қызылайы Ораза айтта езілген халықтарға жәрдем қолын созды.

71424
Қызылай мерекені түрікмендермен бірге өткізеді

Түрік Қызылай Ораза айтты соғыс аймағында өткізеді.
Шығыстан батысқа, Еуропадан Орташығысқа дейінгі езілген және зұлымдықта қалған халықтардың үмітіне айналған Түрік Қызылайы мерекені соғыстың көлеңкесінде өмір үшін күрескен адамдармен бірге өткізеді.
Түрік Қызылайының төрағасы Ахмет Лутфи Акар Ирактағы түрікмендерге жеткізу мақсатымен Газиантептен жолға шыққан жәрдем материалдарын тасымалдайтын жүк көліктерінің жолға шыққанын жариялады.
Қызылай мәлімдемесінде «Ирактың Телафер қаласындағы түрікмен көшелерінде аш-сусыз өмір кешуде, Газада қырғын жалғасуда, біз мерекені тыныш өткізе алмаймыз» делінді.
Төраға Акар жәрдемдердің тек қана Телафер мен Газаға жіберумен шектелмейтінін білдіріп, Сомалиге де Ораза айтта азық-түлік тиелген кеме жолдайтындарын білдірді.
Сириялықтарға да жәрдемдері жалғасқанын білдірген а кар шекарадағы лагерлерді паналағандардың азық-түлік пен тұрғын үй қажеттерін қамдағандарын айтты.
Акар аталмыш жәрдемдердің жүз мыңдаған тонналық материалдарға жеткенін атап көрсетті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар