Қызылайдың жәрдем керуені Ирак түрікмендеріне ұласты

Түркия Ирак түрікмендерін жалғыз қалдырмады

73542
Қызылайдың жәрдем керуені Ирак түрікмендеріне ұласты

Иракта ішкі қақтығыс басталған маусым айынан бері жәрдем акцияларын жалғастырған Қызылай айтта да Телафер түрікмендерін жалғыз қалдырмады.
Қызылай жәрдем топтары 16 жүк көлігімен апарғандары жәрдем материалдарын Эрбил-Мосул трассасы үстіндегі Хазер лагерінде тарата бастады.
Көптеген отбасына жәрдем пакеттері мен басқа да қажетті материалдар таратылды.
Шаң мен топырақ үстінде құрылған лагердегі түрікмендер өздерін ұмытпаған түрік халқына алғысын білдірді.
Біраз уақыттан бері қақтығыстар жалғасқан Иракта ИЛИМ басшылығындағы қарулы топтар Мосул мен Тикрит сияқты кейбір қалаларда бақылауды қолға түсірді, қақтығыстар себепті 1 миллион жазықсыз азамат аймақтан көшуге мәжбүр қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар