Шыңжанда әкімшілік үйлеріне шабуыл жасалды

10 -нан астам адам қаза тапты

74137
Шыңжанда әкімшілік үйлеріне шабуыл жасалды

Қытайдың Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағында үкімет ғимараттары мен полиция әкімшіліктеріне шабуыл жасалды.
Қытай ресми хабар агенттігі дүйсенбі күні болған бұл шабуылда ондаған адамның қаза тапқанын және жаралылар бар екенін білдірді.
Ресми Синхуа агенттігінің берген мәліметтеріне қарағанда басбұзарлар жанғыш заттар лақтырып, жергілікті үкімет және полиция әкімшіліктеріне шабуыл жасаған. Басбұзарлар жолдан өтіп бара жатқан автокөліктерге де зиянкестік жасаған. 31 автокөлікті қиратып, алтауын өртеп жіберген.
Ішінде қытайлар мен ұйғырлар да бар 10-нан астам адам қаза тапқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар