Әзірбайжанның 8 әскері шәйіт болды

Әзірбайжан мен Армения шекарасында түнде қақтығыс болды.

76425
Әзірбайжанның 8 әскері шәйіт болды

Әзірбайжан мен Армения шекарасында қақтығыс болды.
Қақтығыста 8 адам мерт болды.
Әзірбайжан мен Армения майдан шебінде шыққан қақтығыста Әзірбайжан армиясынан 8 әскер шәйіт болды.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде кеше түнде Агдам мен Тертер аймақтарында Әзірбайжан мекендеріне жақындауға талпынған армян бақылау және қастандық жасақтарының анықталғаны, осыған орай қақтығыс болғаны білдірілді.
Ауыр қақтығыстан кейін армян әскерлерінің шығындарын артқа тастап, шегінгені, Әзірбайжан армиясынан да шығын шыққаны хабарланды.
Министрлік шығынға байланысты мәлімет бермеді. Әзірбайжан АПА хабар агенттігі қақтығыста Әзірбайжан армиясынан 8 әскер шәйіт болғанын хабарлады.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған басқа бір мәлімдемеде Газах аймағында армян әскерлерінің атысты тоқтатуға қайшылық жасағаны себепті Әзірбайжан армиясынан Иса Алмазов атты әскердің шәйіт болғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар