9 шәйіт үшін қайғырудамыз

Әзірбайжан-Армения майдан шебінде Әзірбайжанның 9 әскері шәйіт болды.

77138
9 шәйіт үшін қайғырудамыз

Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ Әзірбайжан мен Армения майдан шебінде шыққан қақтығыста өлтірілген Әзірбайжанның 9 шәйіті үшін көңіл айтты.
Сыртқы істер министрлігінде кеше Ирак Түрікмен шебінің төрағасы Ершад Салихиді қабылдаған Дауытоғлұ Әзірбайжан мен Армения майдан шебінде шыққан қақтығыста өлтірілген Әзірбайжанның 9 шәйітіне тоқталды.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мемедияровпен телефонда сөйлескенін айтқан Дауытоғлұ Таулы Қарабах мәселесінің шешілмеуі осындай оқиғаларға себеп болғанын атап өтті.
Дауытоғлұ Түркияның әрқашан Әзірбайжанның территория тұтастығын қорғайтынын дәріптеп, мәселенің жылдам шешілуі керектігін айтты.
Дауытоғлұ «9 шәйітімізге халқымыз мен еліміз атынан көңіл айтамын. 9 шәйіттің қайғысын көңілден сезінудеміз» деп көрсетті.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Агдам мен Тертер аймақтарында Әзірбайжан мекендеріне жақындауға талпынған армян бақылау және қастандық жасақтарының анықталғаны, осыған орай қақтығыс болғаны білдірілген болатын.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар