Ыстанбұлда ұйғырлардың наразылық шеруі

Ұйғырлар Жаркенттегі оқиғаларға наразылық білдірді

77845
Ыстанбұлда ұйғырлардың наразылық шеруі

Ұйғырлар кеше Ыстанбұлдағы Қытай консулдығы алдына жиналып, Шынжан-Ұйғыр аймағының Жаркент ауданында болған оқиғаларға байланысты наразылық шеруі ұйымдастырды.
Ұйғыр қоғамдық ұйымдары және басқа азаматтық ұйымдар бірігіп ұйымдастырған шеруде мәлімдеме жасаған Шығыс Түркістан Маариф ұйымы төрағасы Хидаятуллах Оғызхан «Таяу Шығыста бір Израиль бар болса, шығыста да Қытай бар. Таяу шығыста Палестина болса, шығыста да Шығыс Түркістан бар. Біз адамзаттың екеуіне де қолдау беруін сұраймыз. Қытай Қашғарға қарасты Жаркент ауданында қырғын жасады. Қолымызда нақты мәлімет болмағандықтан өлген адамдардың саны мыңдаған деу орнына жүздеген деп беріп отырмыз» деді.
Әлемдік Ұйғыр конгресі төрағасының орынбасары Сейіт Түмтүрік те күллі ислам әлемі тойлаған Ораза айт болған 28- шілдеде Қытайдың ұйғырларға мерекені тойлауға рұқсат бермегенімен қоймай, қырғын жасағанын, 2-3 мың шамасында ұйғырдың өлтірілгенін айтты.
Түмтүрік «Сол күні Шығыс Түркістанның Қашғар ауданына қарасты Жаркент ауданының Хаңырык, Илилку, Қаңди ауылдары жермен-жексен етілді»-деді.
Жиналғандар консулдық алдында Қытайға қарсы ұрандар айтып, оқиғасыз тарап кетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар