АФАД Түрікмендерге 20 мың адамдық лагер салады

Шатыр кент Ирактың солтүстігіндегі Дохук қаласында салынады

79986
АФАД Түрікмендерге 20 мың адамдық лагер салады

Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдайлар басқармасы АФАД Түрікмендерге 20 мың адамдық лагер салады.
АФАД басқармасы Иракта қақтығыстардан қашқандардың паналауы үшін Дохук қаласына қарасты Фишабурда 20 мың адамға шатыр кент құрады.
Шатыр кент басқармасы түрікмен әкімшілігіне беріледі. Лагер құру жұмыстарының 1 аптаның ішінде аяқталуы жоспарланады.
Түркия жұмыстар басталған алғашқы күннен бері ирактық түрікмендердің қасында орын алуда.
Ирактағы ішкі қақтығыстар басталғалы бері Солтүстік Иракта 92 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберілді. Жәрдемдер елді-мекендерінен қашқан Синжар, Дохук, Талл Кайф, Керкүк, Эрбил және Телаферде шоғырланды. Ирак түрікмен майданымен бірге таратылды.
АФАД 12 маусымнан бері 10 мың 904 адамға азық-түлік пакеті, 12 мың 500 адамға шатыр, 10 мың көрпе, 441 мың 539 құты дәрі-дәрмек, 2 мың асхана құрал-сайманы және шамамен 2 мың орынды гуманитарлық жәрдем материалын Иракта үйсіз қалғандарға жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар