«Шығыс Түркістанда» Қытайдың зұлымдығы жалғасуда

Қытайда мұсылман ұйғыр түріктеріне қысымдар артты

79303
«Шығыс Түркістанда» Қытайдың зұлымдығы жалғасуда

Айттың бірінші күні Яркент аймағында басы орамалды әйелдерге жасалған шабуылдың артынан ұлғайған наразылықтарға қарумен қарсылық берген Қытай полициясы жаңа бір қырғын жасаған болатын.
Ұзақ уақыттан бері ресми бір мәлімдеме жасаудан бас тартқан Қытай қанды оқиғаларда 96 адамның қаза тапқанын жариялады.
Қытай мемлекеттік арнасы шабуылдаушылардың Яркенттің Элишку мен Хуангди аудандарында полиция мен үкімет ғимараттарына шабуылдап, көліктерді жойғаны алға тартылған болатын.
Соңғы жылдары осы шабуылдарын арттырған Қытай әкімшілігі соңғы рет 2009 жылы үлкен бір қырғын жасап, 200 ұйғыр түркі өлтірілген болатын.
Басқа жағынан Қытай әкімшілігі Хан қытайлықтарының ұйғыр түріктеріне қарсы Қытай қауіпсіздік күштерінің қасында күресуін қамтамасыз ету үшін қызық бір жұмыс бастады.
Хотан қаласында полиция топтарына тыңшылық жасап қолдау бергендерге жергілікті үкімет тарапынан ақша төленеді.
Үкімет қазірге дейін операцияға үлес қосқан 6 қытайлықтың әр қайсына 15 мың доллардан берді. Тағы 47 адамға мың 500 доллардан ақша төленгені білдірілді. Осы кісілердің ішінде полиция қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және жай азаматтарда орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар