Қытайда ұзын сақалға тиым

Қытайда ұзын сақалы барлардың халық автобустарына мінуіне тиым салынды

81581
Қытайда ұзын сақалға тиым

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары мұсылмандар тығыз орналасқан Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағына қарасты бір қалада ұзын сақалы мен мұсылмандық киімдер кигендердің халық автобустарына мінуіне тиым салғанын хабарлады.
Газеттің хабарына қарағанда бұл тиым ұзын сақалдылар үшін де қолданылатын болады. Бақылаушылардың айтқанын тыңдамағандар полицияға апарылады.
Қытай соңғы айларда ушығып кеткен қақтығыстар аймақта тәуелсіздік үшін күрескен топтардың кесірі деп отыр. Ал ұйғырлар болса діни және мәдени бостандықтарына жасалып отырған тиымдардың артып бара жатқанын білдіруде.
Айдаудағы Әлем Ұйғырлары конгресі баспасөз хатшысы Дилшат Ришит Қарамайдағы тиым салудың ұйғырлар мен Пекин арасында кикілжіңді ушықтыратынын айтты.
Қытай мемлекеттік телеарнасы өткен аптаның басында 215 адамның қамауға алынғанын, 59 «террористің» өлтірілгенін мәлімдеген болатын.
Бұл тиымдардың Қашғардағы ең үлкен мешіттің имамының өлтірілуінен бірнеше күн өткен соң жасалуы да назар аударарлық.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар