Майдан желісінде Әзірбайжанның бір сарбазы шәйіт болды

Армян мергендер майдан желісінде 2 баланы жаралады

81559
Майдан желісінде Әзірбайжанның бір сарбазы шәйіт болды

Әзірбайжан Армения майдан желісінен шәйіт пен жаралы сарбаздар жайлы хабарлар келуде.
Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің аймаққа зияраты алдында майдан желісіндегі қызу қайта артты.
Түнімен майдан желісінің әртүрлі аймақтарында жүзден астам 'Атысты тоқтатуды' келісімі бұзылды.
Армян әскерлерінің шабуылдарында бір әзірбайжан әскерінің де шәйіт болғаны білдірілді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады.
Осы шабуылдардың артынан соңғы алты күннің ішінде қаза тапқан әзірбайжандық саны 17-ге жетті.
Майдан желісінде шыққан қақтығыста 2 әзірбайжан әскерінің де жарақат алғаны білдірілді.
Армян мергендері тарапынан біреуі 9 жасар, екіншісі 14 жасар екі баланың нысанаға алынғаны хабарланды. Ауруханаға жеткізілген балалар өлім қаупінен құтылды.
Президент Илхам Алиев майдан желісіндегі Ағдам қаласына зиярат жасап, әскерлердің көңілін көтерді.
Сондай-ақ Алиев Таулы Қарабахтан кетуге мәжбүрленген әзірбайжандықтар үшін салынған үйлерді де табыс етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар