Давутоғлу Керкүк қалалық мәжіліс төрағасын қабылдады

Сондай-ақ Давутоғлу әзірбайжандық әріптесі Мемедяровпен телефонда әңгімелесті

82565
Давутоғлу Керкүк  қалалық мәжіліс төрағасын қабылдады

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Түркияның түрікмендерге әрқашан қолдау беретіндерін атап көрсетті.
Ахмет Давутоғлу кеше Керкүк қалалық мәжіліс төрағасы Хасан Туранды қабылдады және Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мемедяровпен телефонда әңгімелесті.
Давутоғлу Керкүк қалалық мәжілісі төрағасымен аймақтағы соңғы жаңалықтар қолға алынған кездесуде жаңалықтардың әсіресе түрікмендерге керісінше ықпал еткенін атап көрсетті.
Түркияның түрікмендерге әрқашан қолдау беретінін қайталаған Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу түрікмендердің де Ирактың ішінде қиын күндер бастан кешкенін айтып, бірлік болудың маңызына назар аударды.
Ахмет Давутоғлуның әзирбайжандық әріптесімен телефон әңгімесі барысында Әзірбайжанның басқыншылық астындағы топырақтарындағы майдан желісіндегі оқиғалар мен аймақтық мәселелер қолға алынды.
Соңғы бір аптаның ішінде Әзірбайжан-Армения шекара желісіндегі оқиғаларда 13 әзірбайжан әскері шәйіт болған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар