Әзірбайжан-Армения кикілжіңі өршіп барады

Ресей араағайындық үшін қолдарын сыбады

84332
Әзірбайжан-Армения кикілжіңі өршіп барады

Шекарада шыққан қақтығыстарда осы күнге дейін Әзірбайжан армиясынан 17 сарбаз қаза тапты.
Жаралы әскерлердің емделуі үшін Түркия қол ұшын созды. Бірінші этапта 3 жаралы әскер бүгін кешкісін ГАТА әскери ауруханасына әкелінеді.
Ең соңғы рет армян әскерлер Товуз аймағынан Әзірбайжан жеріне өтуге әрекет жасады. Шекараны бұзу байқалғаннан кейін қақтығыс шықты, 5 армян әскері қаза тапты.
Оқиғалардың шиеленісуіне байланысты екі жақ та қоқан-лоқы көрсетуде.
Армения Қорғаныс министрі Сейран Оханян «Әзірбайжанның Мингечевир су қоймасын бомбалауымыз мүмкін» деп қоқан-лоқы көрсетсе, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі де «Ондай шабуыл жасалған жағдайда Ереванды жермен-жексен қыламыз» деп жауап берді.
Кикілжіңді тоқтату үшін дипломатиялық талпыныстар да жасалуда.
Ресей президенті Владимир Путин екі елдің елбасыларымен Сочиде жеке-жеке кездесетін болады. Келіссөздер нәтижесіз аяқталған жағдайда 10 тамызда үштік кездесу ұйымдастырылатын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар