ТүрікПа делегациясы сайлауға баға берді

"10 тамыз сайлауы халықаралық стандарттарға сай"

87292
ТүрікПа делегациясы сайлауға баға берді

Президенттік сайлаудан кейін халықаралық бақылау делегациялары да есептерін жариялай бастады.


Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның Халықаралық Бақылаушылар миссиясы сайлауға байланысты есебін Түркия мәжілісінде жариялады.


ТүрікПа делегациясының басшысы Низами Джаферов дауыс беру процесін Анкараның төрт аймағында бақылағандарын айтты. Джаферов ұлттық заңнама және халықаралық стандарттар аясында болған сайлаудың тыныш өткенін атап көрсетті.


10 тамыз сайлауының халықаралық стандарттарға сай екенін білдірген лауазымды сайлау қорытындысының Түркия және түркі әлемі үшін қайырлы болуын тіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар