Каспий маңы мемлекеттерінің IV саммиті бүгін басталады

Каспий теңізіне шекаралас 5 елдің президенттері бүгін Ресейдің Астрахань қаласында бас қосады.

142289
Каспий маңы мемлекеттерінің IV саммиті бүгін басталады

Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Иран елбасы Хасан Рухани, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түрікменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхаммедов қатысатын Каспий маңы мемлекеттерінің VI саммитінің ең маңызды тақырыбын Каспий теңізінің заңдық ережесі құрайды.
Кейін болса тек қана Кеңес Одағы (СССР) және Иран арасында бөлінген Каспий теңізі Одақтың ыдырауымен көптеген мемлекет арасында қайта бөлісу келіссөздері басталды. Мемлекеттер әскери және геосаяси мүдделері, Каспийдегі бай мұнай және табиғи газ резервтерінен одан көп үлес алғысы келуі себептерінен ереже тақырыбында қазірге дейін келісім жасылына алған жоқ.
Каспий маңы мемлекеттерінен Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның теңіз астын бөлісу туралы келісімі бар. Осы тақырыпта Иран мен Түрікменстан келісім бермесе де, Мәскеу әкімшілігі теңіз үстінің ұлттық аймақтарға бөлінуін алға тартады.
Каспийдің көл ретінде қабылдану керектігін алға тартқан Ресей осы жерде қолданылатын құбыр желілерінің барлық елдердің қолдауын алуға тиісті екендігін талап етеді. Әзірбайжан, Түрікменстан және Қазақстан осы көзқарасты қолдамай отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар