Қазақтың халық ақыны Олжас Сүлейменов Түркия болды

Қазақтың халық ақыны Олжас Сүлейменов Түркиядағы​ 80 жылдық мерейтойға орайластырылған іс-шараларға қатысты.

468122
Қазақтың халық ақыны Олжас Сүлейменов Түркия болды

Қазақ халық ақыны, мемлекеттік сыйлық иегері​, қоғам қайраткері, «Мәдениет» қорының президенті Олжас Сүлейменов Түркияда​ 80 жылдық мерейтойға орайластырылған іс-шараларға қатысты.

Түркі әлеміне белгілі ақынға Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік университеті тарапынан Қазақстан мен Түркия арасында мәдениетаралық қарым-қатынастарды жетілдіріп, халықтар арасындағы достықтың күшеюі мен түркология саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Құрметті докторы» атағы берілді.

Университетте ұйымдастырылған жиынға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Эрзурум губернаторы Ахмет Алтыпармақ пен Түркияның қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Эрзурум қаласының артынан Анкарадағы іс-шараларға қатысқан Сүлейменов Түркия премьер-министрінің бірінші орынбасары Тұғрыл Түркеш тарапынан қабылданды.

Шамамен 45 минутқа созылған басқосуда қоғам қайраткері түркі халықтарының адамзат өркениетіне ​қосқан үлесі жайлы ой қозғап, «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына орай шығарылған, мерейтойлық төсбелгіні вице-премьерге табыс етті.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымында ақынның түркітілдес халықтардың тілдеріне аударылған өлең жинағы көпшілікке таныстырылды.

Қазақтың халық ақыны Анкарадағы іс-шаралар аясында Еуразия Жазушылар Одағы қауымдастығының да қонағы болды.

Қауымдастық төрағасы Якуб Өмероғлу қоғам қайреткеріне түркі әлемінің белгілі жазушыларын таныстырып, түркі әлемі әдебиеттері саласында атқарылған халықаралық жұмыстар жайлы баяндады.

Өмероғлу қауымдастықтың биыл 10 жылдығы екеніне назар аударып, «Кардеш Калемлер» журналының соңғы нөмірін Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен таңдамалы өлеңдеріне арналғанын атап көрсетті.

Журналға ақынның өлеңдері мен сұхбаттары, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Қасейінов, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Өмероғлу және тағы басқа түрік ғалымдарының мақалалары енді.

Олжас Сүлейменовқа ​Еуразия Жазушылар Одағы тарапынан мұның алдында жазушы Дженгиз Дағжы (Қырым), жазушы Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан), жазушы Анар (Әзірбайжан) және ақын Шакир Селим (Қырым) сынды түркі әлемі әдебиетінің шоқ жұлдыздарына берілген «Құрметті мүше» атағы ​Қазақстан елшілігінде өткен рәсіммен табыс етілді.

«Кардеш Калемлер» журналы бұжан бұрын қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Аронұлына, ақын Қасым Аманжоловқа, жазушы Бердібек Соқпақбаевқа, жазушы Шерхан Мұртазаға бірнеше санын арнаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар