Каспий бестігінің жиналысы өтті

Сыртқы істер министрлері жиналысы Қазақстанда болды.

529080
Каспий бестігінің жиналысы өтті

Қазақстанда «Каспий бестігінің» сыртқы істер министрлер жиналысы болып өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбын Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен Каспий мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық тақырыптары қалыптастырды.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың басшылығында өткен жиналысқа Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мамадияров, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысты.

Жиналыстың беташар баяндамасын жасаған Қазақстан Сыртқы істер министрі «Каспий бестігі»  әртүрлі бағыттағы халықаралық келісімдерді дайындау қарқынын одан әрі үдетуге ниетті. Бұл құқықтық база ең бірінші кезекте құзыретті органдар арасындағы жекелеген бағыттар бойынша Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге ведомствоаралық хаттаманы әзірлеу мәселесін қамтып отыр», - деді.



Ұқсас жаңалықтар