ТР Сыртқы істер министрі Қазақстанда

Екі ел арасында Фетуллахшы террор ұйымымен күрес үшін жұмыс тобы қалыптастырылды.

593337
ТР Сыртқы істер министрі Қазақстанда

Қазақстанда жұмыс сапармен жүрген Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанға алғыс білдірді.

Сыртқы істер министрі Қазақстандық әріптесі Ерлан Ыдырысовпен оңаша кездескеннен кейін делегация аралық кездесуге қатысты.

Кездесулерде 2017 жылы президенттер деңгейінде Түркияда болатын Жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесі 3-ші жиналысының алғы дайындықтары қарастырылды.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі баспасөз брифингінде Түркияда болған төңкеріс жасау әрекетінен кейін түрік үкіметі мен халқына қолдау берген Қазақстанға алғыс айтты.

Төңкеріс жасау әрекетін тағы бір рет айыптаған Ыдырысов та Фетуллахшы террор ұйымымен күрес үшін екі ел арасында жұмыс тобы қалыптастырылғанын білдірді. Осы жұмыс тобы Фетуллахшы террор ұйымымен күресте әсіресе білім саласында басылатын қадамдарды қолға алды.



Ұқсас жаңалықтар