Әзербайжан әскери академиясы бағдарламасын Түркиямен сәйкестендірді

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеді.

1761978
Әзербайжан әскери академиясы бағдарламасын Түркиямен сәйкестендірді

Әзербайжан Жоғары әскери академиясының бағдарламасы ТР Ұлттық Қорғаныс университетінде оқытылатын бағдарламамен сәйкестендірілді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасалған мәлімдемеге қарағанда Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов марқұм президент «Хайдар Әлиев» атындағы Бакудегі Әзербайжан Жоғары әскери академиясына барып, студенттер және оқытушы-профессорлармен кездесті.

Хасанов осында сөйлеген сөзінде (Арменияның 30 жылдық оккупациясына қарсы) 2-ші Қарабах соғысындағы (27 қыркүйек – 9 қараша 2020 ж.) жеңісте бауырлас Түркияның моральдық және саяси қолдауының маңызды рөл атқарғанын атап көрсетті.

Армиядағы реформаларға тоқталған Хасанов «Жоғары әскери Академия бағдарламасы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде оқытылатын бағдарламамен сәйкестендірілді. Бұл да Әзербайжан армиясында кәсіби офицерлер дайындау үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі» деді.



Ұқсас жаңалықтар