ҰҚШҰ әскерлері толығымен кетті

Қазір елде шетелдік әскери бөлімшелердің жоқтығы білдірілді.

1765180
ҰҚШҰ әскерлері толығымен кетті

Қазақстан 6 қаңтарда елге келген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік әскерлерінің толығымен кеткенін хабарлады.  Қазір елде шетелдік әскери бөлімшелердің жоқтығы білдірілді.

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Олжас Құсайынов бүгін ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әскерлерінің ел аумағынан толығымен шығарылғанын мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің елден біртіндеп шығарыла бастағанын еске салған Құсайынов жағдайды тұрақтандыру үшін аталған әскери бөлімдердің өз елінде міндет атқарғанын айтты.

Қазақстанның батысында 2 қаңтарда сұйытылған мұнай газының қымбаттауы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы себебімен басталған наразылықтар елдің бұрынғы астанасы Алматыда зорлық-зомбылыққа ұласқан болатын.

6 қаңтарда елге ҰҚШҰ бітімгершілік әскерлері келді. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстанның әскери бөлімдерінен құралған ҰҚШҰ күші антитеррорлық операцияға қатыспады, тек стратегиялық және әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар