Ахмед Джевад еске алынды

Ахмед Джевадтың 130 жылдығы Анкарада атап өтілді.

1839243
Ахмед Джевад еске алынды
Ahmed_Cavad_konser_azerbaycan
Ahmed_Cavad_konser_azerbaycan

Әзербайжанның Ұлттық әнұранының авторы, ақын Ахмед Джевадтың 130 жылдығы Анкарада атап өтілді. Түріксой, ТР Мәдениет және туризм министрлігі және Этимесгут муниципалитетінің ынтымақтастығымен өткізілген іс-шаралардың алғашқысы таңертең өткізілді.  Анкарада бір даңғыл жолға ақынның есімі берілді. Артынан Түрік Тарих мұражайында марапат салтанаты мен кітап таныстырылым өтті.

Іс-шаралардың соңғысы кешкі концерт болды.

Ахмед Джевад даңғылы ашылды

Ахмед Джевад даңғылы Этимесгут муниципалитеті төрағасы Енвер Демирелдің қонақжайлығында өтті. Шараға Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты. Шарада сөз сөйлеген Мериел «Ахмед Джевад секілді түрік ұлты үшін маңызды тұлғаларды әрқашан еске алып отыруымыз керек. Ол кісінің атына даңғыл жол ашқанымызға қуаныштымыз» деді.

Артынан Ахмед Джевадтың мәдени мұрасын бүгінгі күнге жеткізген, сақтап және келесі ұрпаққа жетуіне себеп болған тұлғалар мен түрлі мекемелерге медаль табысталды.

Рәсімде сөз сөйлеген Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Түріксойдің түрік мәдениет және өнер мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу үшін жұмыс жасап жатқанын айтып,  Ахмед Джевадтың тек Әзербайжан ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызды тұлға екенін атап көрсетті. Сөзін ұлы ақынның «Мен түрік перзентімін, ақылым терең, ойым пәк» деген сөздерімен аяқтаған Раев марапат алған тұлға мен мекемелерді құттықтады.

Марапаттың артынан Кенан Чарбоға тарапынан дайындалған Ахмед Джевад өлеңдерінің түрік тіліне аудармалары орын алған туынды таныстырылды.

Ұмытылмас концерт болды

Ақын Ахмед Джевадтың 130 жылдығына арналған концерт Анкарада болып өтті. Концертте Президенттік Симфония оркестрі, TRT Анкара радиосы хорының сүйемелдеуінде түрік әлемінің әншілері Азер Зейналов, Нигар Джелилова, Орхан Джелилов және Хеям Мамедов өнер көрсетті.  Мұстафа Мехмандаров дирижерлік қылған концертте әншілер атақты ақынның сөздеріне жазылған әндерді шырқады. Әнші Азер Зейналов ақынның 1918 жылы жазылған өлеңіне 104 жылдан кейін жазылған «Тұран маршын» орындады.  Концертке жиналған көрермен жаңа туындыны қатты ұнатып, екінші рет сұрады.

Екі мыңға жуық көрермен тамашалаған концертті TRT Avaz телеарнасы тікелей эфирде жариялады.

 



Ұқсас жаңалықтар