Қазақстандық велошабандоз үшінші орын алды

«Сакария туры» жарысының бірінші кезеңі аяқталды.

1872556
Қазақстандық велошабандоз үшінші орын алды

Сакариядағы велосипед фестивалі аясында ұйымдастырылған «Сакария туры» жарысының бірінші кезеңі аяқталды.

Президенттік аппараттың қолдауымен Сакария қалалық әкімшілігі ұйымдастырған жарысқа 18 елден 13 команда мен 75 спортшы қатысты.

Қалада орнатылған трассада 105 шақырымда спортшылар бақ сынады.

Бірінші кезеңді моңғолиялық Жамбалжамц Сайнбаяр бірінші орынмен аяқтады.

Бурак Абай екінші, ал қазақстандық велошабандоз Игорь Чжан үшінші болып келді.



Ұқсас жаңалықтар