Қырғыз ақсақалдар шетелдегі қырғыздардың елге қайтуын сұрады
Президент Садыр Жапаров 25-26 қарашада ел астанасы Бішкекте өткен 1-ші Халық құрылтайының Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін қабылдады.
Қырғыз ақсақалдары үкіметтен шетелдегі қырғыздардың атамекеніне оралуын қамтамасыз етуді талап етті.
Президент Садыр Жапаров 25-26 қарашада ел астанасы Бішкекте өткен 1-ші Халық құрылтайының Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін қабылдады.
Ақсақалдар кеңесінің мүшелері тұңғыш рет халық құрылтайын ұйымдастырып, саяси ерік-жігер танытқан Президент Садыр Жапаровқа алғыстарын білдірді.
Үкіметке 2050 жылғы мақсаттарын қамтитын Даму бағдарламасын әзірлеуді ұсынған мүшелер аталған бағдарлама аясында иммигранттарды отандарына қайтаруды да талап етті.
Ресми деректерге қарағанда шамамен 7 миллион халқы бар Қырғызстан азаматтарының 600 мыңнан астамы Ресейде, 30 мыңы Қазақстанда, 30 мыңы Түркияда иммигрант ретінде өмір сүруде.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжандық отбасылар Ходжалыға оралуда
Армян басқыншылығынан азат етілген Ходжалыға 20 отбасы қайта оралды.