Әзербайжан министрі мен Түркия министрі сөйлесті

Министрлер іздеу-құтқару жұмыстары мен гуманитарлық көмек операцияларын талқылады.

1947357
Әзербайжан министрі мен Түркия министрі сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 6 ақпанда «ғасыр апаты» деп сипатталған, Кахраманмарашта болған екі жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстары мен гуманитарлық көмек операцияларын талқылады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Байрамов телефон арқылы Чавушоғлумен сөйлесті. Ол  Әзербайжанның әрдайым бауырлас Түркияның жанында екенін және жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Байрамов бауырлас Түркияның бұл қиын сынақтан сүрінбей өтетініне сенімді екенін баса айтты.

Чавушоғлу Байрамовқа зілзала аймағындағы соңғы жағдай туралы ақпарат берді. Министрлер іздеу-құтқару жұмыстары мен гуманитарлық көмек бойынша жүргізілген операцияларды талқылады.



Ұқсас жаңалықтар