Түркия және Қазақстан мәжіліс төрағалары кездесті

Екі төраға Түркия және Қазақстан мәжілістері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

1980438
Түркия және Қазақстан мәжіліс төрағалары кездесті
şentop koşanov1.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановпен бас қосты.

Шентоп Түркітілдес мемлекеттік парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның 12-ші кезекті Пленарлық жиналысына қатысу мақсатымен Түркияға келген Қазақстан мәжілісі төрағасы Қошановпен кездесті. Екі төраға артынан Түркия және Қазақстан мәжілістері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Кездесуде Қазақстанда 19 наурыз күні болған сайлауда жеңіспен шыққан Қошанавты құттықтаған Шентоп Қазақстан мәжілісінде жаңа кезеңнің құтты болуын тіледі. Жер сілкінісі кезінде көмек берген Қазақстанға алғыс айтқан түрік мәжілісінің басшысы «Осындай қайғы басқа түскен кезде бауырларымыздың жанымызда екенін сезіну – біз үшін үлкен қолдау» деді. «Қазақстанның тұрақтылығы түрік әлемі үшін өте маңызды.  Қазақстанның Түрік Мемлекеттері Ұйымының құрылып, дамуында бастаушы ролі бар» деді ол.

Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Қошанов та төраға болып сайланғаннан кейін алғашқы шетелдік сапарын Түркияға жүргізгенін, мұның символикалық маңызы бар екенін білдірді. Ол Түркияның сыртқы саясатын жақыннан бақылап отырғандарын айтты. Түркияның Ресей-Украина соғысы барысындағы араағайын ролінің маңызын атап көрсетті.

Артынан екі төраға Анкарада Түркия-Қазақстан Достық саябағын ашты.



Ұқсас жаңалықтар