Түркия-Қазақстан Достық саябағы ашылды

Саябақтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та қатысты.

1980977
Түркия-Қазақстан Достық саябағы ашылды

Анкарада Түркия-Қазақстан Достық саябағы ашылды.

Анадолының бас қаласы Анкараның Мамак ауданында Түркия-Қазақстан достық саябағы қызметке берілді.

Саябақтың  ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп қатысты. Сонымен бірге Қазақстаннан келген өнер тобы, қазақстандық студенттер, ауданның жұртшлығы да келді.

Екі елдің достығы мен бауырластығының белгісі болатын саябақ 14 мың шаршы метр алаңды құрайды. Жасыл желкен алаңда  жүгіру және велосипед жолдары, арнайы жаттығу алаңдары, балалар ойын алаңы орналасқан. 16 түркі мемлекетінің санына орай арнаулы 16 самалжай ойластырылған. Шатырлары байрағымызбен түстес боялған. Саябақ аумағында Күлтегін-Тоныкөк ескерткіштері, Хакім Абай мен ұлы философ әл-Фарабидің де бюсті орын алған.

Болашақта бұл саябақ Анкара тұрғындары мен қонақтары үшін әсем демалыс орнына айналары сөзсіз.



Ұқсас жаңалықтар