Байрамов пен Мирзоян кездеседі

Бадалян екі министрдің бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыратынын атап өтті.

1984920
Байрамов пен Мирзоян кездеседі

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян 19 мамыр жұма күні Ресейдің бас қаласы Мәскеуде кездеседі.

Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян Байрамов пен Мирзоянның Ресейдің шақыруымен келесі аптада Мәскеуде кездесетінін айтты. Бадалян екі министрдің бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыратынын атап өтті.

Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері 1-4 наурыз күндері Вашингтонда Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қабылдауында бас қосқан еді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 14 мамырда Бельгияның астанасы Брюссельде кездеседі деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар