Қазақстанның 3  қаласында сайлау жәшігі орнатылды

Қазақстанда сайлау тізіміне тіркелген сайлаушылар  бүгінен бастап 22 мамырға дейін дауыс бере алады.

1988607
Қазақстанның 3  қаласында сайлау жәшігі орнатылды

Түркияда 28 мамырда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңі аясында Қазақстанда сайлаушылар дауыс бере бастады.

Елде сайлау тізіміне тіркелген сайлаушылар  бүгінен бастап 22 мамырға дейін дауыс бере алады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де елде орнатылған сайлау жәшіктері түрік сайлаушылары үшін ашылды.

Қазақстанның 3  қаласында сайлау жәшігі орнатылды.

Президенттік сайлаудың екінші турында бірінші турдағыдай Қазақстанда тұратын 6106 түрік сайлаушысы дауыс бере алады.

Оның ішінде 1578 сайлаушы Астана Елшілігінде, 4008-і Алматыдағы Бас консулдықта, 520-сы Ақтаудағы Бас консулдықта дауыс бере алады. Ең көп сайлаушылар Алматы Бас консулдығы аймағында дауыс береді.

Үш күн бойы, яғни 22 мамырға дейін сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін сайлаушылар үшін ашық болады.

Дауыс берудің бірінші кезеңінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі түрік сайлаушылары Елшілік пен Бас консулдық ғимараттарына жоғары ынтамен ағылды және дауыс беру процесі өте қызықты өтті.

Президенттік сайлаудың екінші кезеңінде де  сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп күтілуде.

2018 жылғы сайлауда Қазақстанда 4568 сайлаушы тіркелген.

Биыл сайлаушылар саны 1538-ге артқан. Барлығы 6 мың 106 түрік сайлаушысы сайлау жәшігіне бару арқылы 3 күн бойы дауыс бере алады.



Ұқсас жаңалықтар