Түрікменстанда «Аркадаг» ақылды қаласының тұсауы кесілді

«Аркадаг» қаласының ашылу салтанатына Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.

2005247
Түрікменстанда «Аркадаг» ақылды қаласының тұсауы кесілді

Түрікменстанда «ақылды қала» концепциясына сай озық технологияларды қолдану арқылы салынған «Аркадаг» қаласының тұсауы кесілді.

Түрікменстан астанасы Ашхабадтың оңтүстік-батысында 30 шақырым жерде орналасқан  «Аркадаг» қаласының ашылу салтанатына Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Качир, Түркия Палаталар және биржалар одағының төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлу,  50-ден астам елдің жоғары деңгейдегі басшылары, елдегі дипломатиялық өкілдер, баспасөз өкілдері және көптеген қонақтар қатысты.

Президент Бердімұхамедов лентаны қиып, қаланың бетін ашты және қонақтармен бірге қаланың кейбір ғимараттарын аралады.

«Аркадаг» қаласының бірінші кезеңінде әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары мен инженерлік жүйелер сияқты заманауи құрылымдар, сонымен қатар 70 мың адамға арналған екі және көп қабатты 336 тұрғын үй салынды.

Ақылды қала концепциясына сай заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, экологиялық тазалығымен ерекшеленетін "Аркадаг" қаласында электрлі автобустар мен көліктер қызмет көрсетеді.

«Ақылды қала» деп сипатталған «Аркадаг» қаласының мәртебесі «мемлекеттік қала» ретінде заңмен бекітілді.



Ұқсас жаңалықтар