Тәжікстан президентінің Қазақстанға сапары

Эмомали Рахмонды әуежайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

2030095
Тәжікстан президентінің Қазақстанға сапары

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қазақстанға барды.

Астанаға жұмыс сапарымен барған Эмомали Рахмонды әуежайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұдан кейін  Ақорда сарайында Тәжікстан басшысын ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Рәсімнен кейін екі басшы оңаша кездесті.

Қазақстан Президенті Тоқаев бұл сапарды дос және бауырлас екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілету тұрғысынан маңызды деп санайтынын айтты.

Мамыр айында екі ел арасында қол қойылған «Одақтастық туралы декларацияның» сәтті жүзеге асырылғанын атап өткен Тоқаев ағымдағы жылдың алғашқы алты айында екіжақты сауда көлемі 500 миллион доллардан асқанын және бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отырғанын айтты.

Екі мемлекет басшысы екі ел арасындағы цифрлық технологияларды дамыту мәселесін де талқылады. Бұл салада айтарлықтай ілгерілеушілік бар екенін атап өткен Қазақстан Президенті Тәжікстанмен тәжірибе алмасуды ұсынды. Эмомали Рахмон Тоқаевқа және Қазақстан Республикасына көрсеткен  қолдауы үшін алғысын білдірді және Тәжікстанның цифрлық технологияларды дамытуға мүдделі екенін атап айтты. Кездесу нәтижесінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Делегациялар арасындағы кездесу барысында сауда, экономика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесуден кейін Тоқаев пен Рахмон түрік құрылыс компаниясы салған Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт – Астана мешітінде болып, елі үшін бірге дұға қылды.

Екі президент дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай өткізілген Тәжікстан мәдениет күндерінің ашылу салтанатына да қатысып, Тәжікстанның ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін аралады.

Шарада Тәжікстанның дәстүрлі би ансамбльдері мен әншілері сахнаға шықса, жәрмеңкеге Тәжікстанның ауылшаруашылық өнімдері қойылды.



Ұқсас жаңалықтар