Алматыда гольф турнирі ұйымдастырылды

Түркия-Қазақстан Іскерлер Одағы Түркия Республикасының  100 жылдығына орай гольф турнирін ұйымдастырды.

2032912
Алматыда гольф турнирі ұйымдастырылды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен шара түрік және қазақстандық кәсіпкерлердің басын қосты.

Алматы қаласының гольф алаңдары турнирге қатысушы гольфшыларға ұмытылмас ойын тәжірибесін сыйлады.

Түркия Республикасының  100 жылдығын тойлауды мақсат еткен бұл турнирге қатысушылар бас қосып, гольф ойнады және іскерлік қарым-қатынастар туралы әңгімелесті.

Шарада Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капучу сөйлеген сөзінде «Күні бойы өткізілген шараға қолдау көрсеткен барлық іскерлерге, әсіресе Түрік-Қазақстан Іскерлер Одағына алғысымды білдіргім келеді» деді.

Елші Мұстафа Капучу «Осы орайда мен Республикамыздың құрылғанына 100 жыл толуының алғашқы шарасы болып табылатын гольф турнирінің ұйымдастырылуын өте мағыналы деп санаймын. Елшілік ретінде біз осы жылдың соңына дейін Астанада да, Алматыда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Әрине бұл бірінші шара болғандықтан маңызды болды. Сондай-ақ Түркияның бауырлас ел ретінде ұйымдастыратын шараларына барша азаматтарымызды, қазақ бауырларды қатысуға шақырамын. Алла бұйырса, өте сәтті кезеңді артта қалдырамыз. «Түркия ғасырына» осылай кіреміз. Құрметті президентіміздің қолдауымен алдағы кезең өте табысты болатынына және «Түркия ғасыры» болатынына шын жүректен сенемін» деп көрсетті.

120-ға жуық спортшы қонақ болған шарада қатысушыларға дәстүрлі түрік тағамдары ұсынылды.

Түрік-Қазақстан Іскерлер Одағының төрағасы Джем Жиритчи: «Бұл ерекше іс-шара бізге Түркия Республикасының  100 жылдығын ынтамен атап өтуге және түрік-қазақ іскер топтары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді. Бұл турнир Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достықтың символына айналды» деді.

Шара соңында турнир жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар