Қазақстан және Түркия Сыртқы істер министрлері кездесті

Кездесуден кейін баспасөз мәслихаты өтті.

2035740
Қазақстан және Түркия Сыртқы істер министрлері  кездесті

Қазақстан және Түркия Сыртқы істер министрлері аймақтық тақырыптар, сауда-экономикалық тақырыптардағы ынтамақтастық туралы талқылады. Кездесуден кейін баспасөз мәслихатында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанмен сауда айналымының жылдан жылға артып келе жатқанын айтты.  Фидан: «Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың біріміз.  Азия және Еуропа арасындағы сауда қатынастарын жетілдіретін тұғырымыз бар. Қазақстанның территория тұтастығы мен егемендігін де қолдаймыз» деді.

Фетуллахшы террор ұйымымен күрес тақырыбын да талқылағандарын білдірген Фидан: «Ортақ жауымыз ФЕТО-мен байланысты қадамдарды талқыладық. Түркия және басқа елдерде не істегісі келетіндерін білеміз. Опасыз ұйыммен күресте көмек беруге дайынбыз. ФЕТО-ға қарсы мұқият болуымыз қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар